Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға өсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында — 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 4 адам, Шымкент қаласы — 1, Атырау облысы — 1, Түркістан облысы — 3, Қарағанды облысы — 1 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 сәуірдің 10:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 264 адам, Алматы қаласында – 346 адам, Қарағанды облысында — 79 адам, Ақмола облысында — 73 адам, Атырау облысында — 63 адам, Жамбыл облысында — 49 адам, Шымкент қаласында — 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 22 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 26 адам, Павлодар облысында — 10 адам, Маңғыстау облысында — 10 адам, Қызылорда облысында — 119 адам, Батыс Қазақстан облысында — 11 адам, Түркістан облысында — 47 адам, Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 1179 науқас тіркелді.

stan.kz