Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қанша

0
9

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы төрт адам тiркелдi, науқастардың жалпы саны 448 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Елімізде тағы төрт адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«3 сәуір сағат 12.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, Түркістан облысында – 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам», -делінген хабарламада.

Осылайша республикада науқастардың жалпы саны 448 адамға жетті.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 199 адам
  • Алматы қаласында – 91
  • Қарағанды облысында – 22
  • Ақмола облысында – 19
  • Атырау облысы – 20
  • Жамбыл облысында -6
  • Шымкентте – 11
  • Шығыс Қазақстан облысында – 3
  • Алматы облысында – 9
  • Ақтөбе облысында – 7
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 15
  • Павлодар облысында – 1
  • Маңғыстау облысында – 1
  • Қызылорда облысында – 26
  • Батыс Қазақстан облысында – 2
  • Түркістан облысында – 16.



sputniknews.kz