Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2 251 адамға жетті
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 44 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Нұр-Сұлтан қаласында бір адам, Алматы қаласында –20, Қарағанды облысында – 1, Ақтөбе облысында – 9, Жамбыл облысында – 9, Алматы облысында – 3, Қызылорда облысында бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды»,- делінген ақпаратта.
Осылайша, 2020 жылдың 23 сәуірі 17.50-дегі эпидемиологиялық жағдайы бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 251 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 423 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында – 103 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында — 88 адам, Шымкент қаласында — 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 68 адам, Ақтөбе облысында – 43 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 50 адам, Маңғыстау облысында – 19 адам, Қызылорда облысында – 159адам, Батыс Қазақстан облысында – 86 адам, Түркістан облысында – 77 адам,Қостанай облысында – 36 адам.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, елімізде індеттен 20 адам көз жұмды, 536 адам аурудан жазылды.
sputniknews.kz