Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 718 болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Елде тағы тоғыз адамда Covid-19 расталды. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Түркістан облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны артты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 9 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Қызылорда облысында — 1, Түркістан облысында — 1, Шымкент қаласында — 3 және астанада 1 адамда вирус расталды», — деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде осы уақытқа дейін 718 адам адам Covid-19 жұқтырды.

Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан  (223 адам) мен Алматы ( 119 адам) көш бастап келеді.

Қарағанды облысында — 55, Ақмола облысында — 43, Атырау облысы — 36, Жамбыл облысында — 45, Шымкент қаласында — 23, Шығыс Қазақстан облысында — 6, Алматы облысында — 10, Ақтөбе облысында — 11, Солтүстік Қазақстан облысында — 25, Павлодар облысында — 1, Маңғыстау облысында — 6, Қызылорда облысында — 76, Батыс Қазақстан облысында — 2, Түркістан облысында — 34, Қостанай облысында — 3.



sputniknews.kz