Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мың адамнан асты

0
28

Індетке шалдыққан тағы алпыс бір науқас тіркелді, вирус жұқтырғандардың ең көбі – Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 61 адамнан вирус табылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«10 мамыр сағат 09:45-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 61 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 11, Жамбыл облысында – 1, Маңғыстау облысында – 7, Ақмола облысында – 3, Қызылорда облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Атырау облысында – 1, Қарағанды облысында – 2», – делінген хабарламада.

Осылайша елімізде коронавирус барлығы 5036 адамда анықталды. 1766 науқас дертінен айықты, отыз бір адам қайтыс болды.

  • Алматы – 1571,
  • Нұр-Сұлтан – 1049,
  • Атырау облысы – 296,
  • Батыс Қазақстан облысы – 239,
  • Шымкент – 229,
  • Қызылорда облысы – 229,
  • Қарағанды облысы – 191,
  • Алматы облысы – 182,
  • Жамбыл облысы – 178,
  • Түркістан облысы – 174,
  • Ақтөбе облысы – 172,
  • Павлодар облысы – 154,
  • Маңғыстау облысы – 120,
  • Ақмола облысы – 109,
  • Қостанай облысы – 61,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 48,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 34.



sputniknews.kz