Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

31 наурыз сағат 15:30-дағы жағдай бойынша қауіпті вирусты жұқтырған тағы 11 адам тiркеліп отыр, науқастардың жалпы саны 336

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Елімізде тағы он бір адам індетке шалдықты.

«31 наурыз сағат 15:30-дағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелді, Қызылорда облысында — 10 адам, Павлодар облысында — 1 адам», — делінген коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында — 13 адам, Ақмола облысында — 10 адам, Атырау облысы — 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 8 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам, Павлодар облысында — 2 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 18 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, жалпы 336 науқас тіркелді.



sputniknews.kz