Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 адам ауыр халде жатыр — Қазақстан жаңалықтары

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған 20 қазақстандық ауыр халде жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жалпы алты адам індеттен көз жұмды, 46-ы аурудан айығып шықты. Қазір 680 адам ауруханада жатыр. Олардың 20-сының жағдайы ауыр. Тағы 88-інің жағдай орташа деңгейде, 510 науқас аурудың жеңіл формасымен күресуде», — деді Біртанов.
Сондай-ақ министр науқастармен болған 19 112 адамның 97%-ы анықталып, оқшауландырылғанын жеткізді
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр.
stan.kz