Қазақстанда коронавирус жұқтырған 17 адамның ауыр халде: Науқастардың қаншасы ауруға сырт мемлекеттерде шалдыққан? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 802 коронавирус жұқтырғандардың тек 137-і ауруға басқа жақта жүріп шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекекова мәлім етті. 

«Бүгінде коронавирус жұқтырған 802 адам тіркелді. Олардың 137-і ауруға сырт мемлекеттерде жүріп шалдыққан. 539-ы науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Тағы 126-сы жергілікті тұрғындар, оларға өкпе қабынуы, ЖРВИ сынды диагноздар қойылған. Жасалған сынамалар нәтижесінде науқастардың коронавирусқа шалдыққаны анықталған», — деді министрлік өкілі. 

Сондай-ақ ол қазір індет жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр екендігін айтып кетті. 

«Қазір стационарлық емді 712 пациент қабылдап жатыр. Алматыда жатқан пациенттердің бірінің жағдайы аса ауыр. 17 науқастың жағдайы ауыр. 107 науқас ауырлығы орташа деңгейде жатыр. Бірақ коронавирус жұқтыру жағдайларының 80 пайызында – 587 науқас симптомсыз немесе ауруды жеңіл көтергендер», — деп қосты ол.

Еске салайық, Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетіп отыр. Тоғыз науқас аурудан көз жұмған. 63 адам індеттен толығымен айығып шықты. 

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қан плазмасын қайта құю қарастырылмағаны айтылған еді. 

 

stan.kz