Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ — Тоғжанов

0

Астанада коронавирус бойынша елдегі қазіргі жағдайға қатысты үкіметтің арнайы баспасөз мәслихаты өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ресми деректен басқа алып-қашпа сөздерге сенбеуді сұраймыз», — деді Тоғжанов брифингте.

Сондай-ақ, арнайы баспасөз мәслихатына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев келді.

Айта кетейік, кеше Женева қаласында өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа коронавирустың пандемияға айналғанын мәлімдеді. Себебі ауру әлемдік ауқымда таралып кетті. 

Ал Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин 10 наурызда өткен баспасөз мәслихатында «11-16 аралығында Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін» деген болжам жасаған болатын.



sputniknews.kz