Қазақстанда коронавирус пен өзге аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы бөлек жүргізілетін болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің жеке статистикасы жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

«Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді. Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады», -делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, соңғы ақпарат бойынша елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны 3138 адам болып тұр.

stan.kz