Қазақстанда коронавирус инфекциясын тағы 209 адам жұқтырды
Ресми ақпарат бойынша өткен жексенбіде республикада COVID-19 коронавирусына шалдығу өсімі 2,5 процент болған
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 8531 адамға дейін артты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Өткен тәулікте 209 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,5% құрады.
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы – 37 (1,7%),
- Қарағанды облысы – 33 (5,9%),
- Жамбыл облысы – 33 (12,7%),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,0%),
- Батыс Қазақстан облысы – 28 (7,3%),
- Атырау облысы – 12 (1,4%),
- Павлодар облысы – 10 (5,6%),
- Ақтөбе облысы – 6 (2,2%),
- Қызылорда облысы – 6 (2,1%),
- Алматы облысы – 4 (1,4%),
- Шығыс Қазақстан облысы – 4 (6,5%),
- Қостанай облысы – 2 (1,7%),
- Ақмола облысы – 1 (0,7%),
- Маңғыстау облысы – 1 (0,6%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 8531. Індеттен 4352 адам сауығып шығып, 35 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz