Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 58 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру салдарынан қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру салдарынан тағы екі адам көз жұмды, деп хабрлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Оның бірі – 1957 жылы туған Павлодар облысының, ал екіншісі – 1966 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны», — делінген баспасөз хабарламасында.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 58 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Алғашқы тест теріс болған: Павлодарда 63 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды
Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек елде індет жұқтырғандар саны 12 859 адамға жетсе, 7 737 науқас аурудан айығып шықты.
sputniknews.kz