Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны артты

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Республика бойынша коронавирус дертінен 2 108 адам айығып шықса, 32 адам ауру салдарынан көз жұмды

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 39 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Алматы қаласында – 26, Шымкент қаласында – 6, Жамбыл облысында 7 адамнан коронавирус табылды», – делінген хабарламада.

Осылайша, жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстандағы науқастардың саны 5 279 адамға жетті.

  • Алматы қаласы – 1622,
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1103,
  • Атырау облысы – 340
  • БҚО – 255,
  • Шымкент қаласы – 245,
  • Қызылорда облысы – 231,
  • Қарағанды облысы – 197,
  • Жамбыл облысы – 192,
  • Түркістан облысы – 186,
  • Алматы облысы – 183,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Павлодар облысы – 154,
  • Маңғыстау облысы – 130,
  • Ақмола облысы – 110,
  • Қостанай облысы – 68,
  • ШҚО – 51,
  • СҚО – 36.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 2 108 адам аурудан жазылып шықса, аталған індет салдарынан 32 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз