Қазақстанда көлікті тіркеу қызметі тоқтатылды

0
8

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелеріне үш жарым сағат бойы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жоспардан тыс профилактикалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, техникалық үзіліс үш жарым сағатқа – бүгін таңғы сағат 9:00-ден 12:30-ға дейін жалғасады. Осы уақытта құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелеріне профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сол себепті көлік құралын тіркеу қызметі барлық ХҚКО-ларда, сондай-ақ, «электронды үкімет» порталында жұмыс істемейді.

ІІМ әкімшілік полиция комитеті техникалық қолайсыздықтарға байланысты кешірім сұрайды.

Профилактикалық жұмыстардан кейін көлікті тіркеу қызметі қайта қолжетімді болады.

Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігін беру қызметі жетілдірілді

Жақында eGov.kz порталында көлік жүргізу куәлігін беруге арналған қызмет жетілдіріліп, қосымша функциялар іске қосылған болатын. Енді жеке тұлғалар құжаттың мерзімі аяқталғанда, сондай-ақ, атын, тегі мен әкесінің атын ауыстырса, осы қызметті онлайн түрде пайдалана алады.



sputniknews.kz