Қазақстанда көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды — Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда автокөлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихандық бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ақау жөнделгенге дейін уақытша тоқтатылды», — делінеді хабарламада.
Комитеттегілер қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады
stan.kz