Қазақстанда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

0
27

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автокөлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру функциялары уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бүгін, 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.

«Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар «Ақпараттық-өндірісті орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді», – делінген мәліметте.

Тағы оқыңыз: Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

«Бүгін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.



sputniknews.kz