Қазақстанда кедейлер саны артып, көпжылдық рекордты жаңартты

0

2023 жылдың үшінші тоқсанында жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан халқының 5,6%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін көрсетті. Бұл ақпартты Ұлттық статистикалық бюро жариялады.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 710 теңгені құрады.

Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында – 9,6%, ал ең төмені Қарағанды облысы мен Астана қаласында – 2,7% тіркелді.

Бес және одан да көп адамы бар отбасылардағы кедейшілік деңгейі 10% құрады, бұл кедейшіліктің орташа деңгейінің екі есесі.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз Қазақстан тұрғындарының саны екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бірінші несие бюросы бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

Фото: ашықдереккөз