Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады

0

2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге бөлінбек

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады. Бұған 14,8 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Карантиндік типтегі үш медициналық модульдық кешен құрылысына 14,8 миллиард теңге қарастырылған», — деді Шолпанқұлов онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, 19,5 миллиард теңге коронавирус жұқтырған және жұқтыруы мүмкін пациенттерді емдеп жатқан медициналық ұйымдарға медициналық қызметті төлеуге жұмсалады.

40,6 миллиард теңге коронавируске күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.

Жалпы, президенттің тапсырмасымен 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге бөлінбек.



sputniknews.kz