Home Жаңалықтар Қазақстанда карантин режимін жеңілдету жоспары әзірленді

Қазақстанда карантин режимін жеңілдету жоспары әзірленді

0
58

Бүгіннен бастап Қазақстанда бойынша төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин шаралары жалғаса береді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин шараларын жеңілдету жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі кезде карантинді жеңілдету бойынша тұтас бір жоспар жасалды. Оның ішінде маусым айы да бар. Жалпы, карантиндік шараларды жеңілдету бойынша іс-қимыл жоспарын жазып шықтық», – деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазақстанда бойынша төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин шаралары жалғаса береді. Қалалардың айналасындағы блок бекеттер қалады. Қалада жұмыс істейтін, бірақ одан тыс жерде тұратындарға кіруге болады. Ол үшін жұмыс берушінің анықтамасы болуы шарт.

Бұдан бөлек, карантин шараларын жеңілдету аясында бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Үкімет дәмхана мен мейрамханалар қай кезде ашылатынын айтты

Сондай-ақ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт. Президенттің шешімімен тағы жеті қалаға әуе рейстері ашылды. Олар – Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорған.



sputniknews.kz