Қазақстанда карантин режимі қайта қатаңдауы мүмкін — бас санитар дәрігер — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

«Төтенше жағдай режимінің алынып тасталуы карантин шараларының да алынғандығын білдірмейді. Вирус ешқайда кетпегендігін және арамызда таралып жүргендігін түсінуіміз қажет. Барлығымыздың мақсатымыз — оның одан ары таралуына әрі сырқаттанушылардың артуына жол бермеу. Бұған қоса, әрқайсымыздың, жақындарымыздың денсаулығына және еліміздің экономикасына нұқсан келтірмей – карантин шараларын біртіндеп жеңілдету», — деді Есмағамбетова.

Бас санитар дәрігер жұмысқа қайта кіріскен кәсіпорындарда санитарлық ережелер сақталмай жатқанын алға тартты. 

«Талаптардың сақталмауы бізді қатаң карантин режиміне қайта алып келуі мүмкін. Бұған қоса, карантиннің жеңілдетілуі мен көптеген нысандар жұмысының қайта жандануы жағдайында бизнес субъектілеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», — деді бас санитар дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін ол елімізде коронавирус өсімі күрт артқанын мәлімдеген еді. 

 

stan.kz