Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев

Президент жарлығына сәйкес мемлекеттік комиссияның құрамына:

Мамин Асқар Ұзақбайұлы    –    Қазақстан Республикасының премьер-министрі, комиссия төрағасы

Смайылов Әлихан Асханұлы    –    Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Ерғалиев Әсет Арманұлы     –    Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы 

Исекешев Әсет Өрентайұлы    –    Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

Досаев Ерболат Асқарбекұлы    –    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы 

Скляр Роман Васильевич    –    Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы    –    Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары

Есімов Ахметжан Смағұлұлы     –    «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов Тимур Мұратұлы     –    Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі сасшысының орынбасары

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы    –    Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы 

Аймағамбетов Асхат Қанатұлы     –    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы    –    Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 

Біртанов Елжан Амантайұлы     –    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі 

Дәленов Руслан Ерболатұлы     –    Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі 

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы     –    Қазақстан Республикасының қаржы министрі 

Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы    –    Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы     –    Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Ноғаев  Нұрлан Асқарұлы     –    Қазақстан Республикасының энергетика министрі

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы     –    Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 

Омаров Сапархан Кесікбайұлы    –    Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы     –    Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі 

Перепечина Ольга Владимировна    –    Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сабильянов Нұртай Салихұлы    –    Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы     –    Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) 

Келімбетов Қайрат Нематұлы    –    «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

Мырзахметов Абылай Исабекұлы    –    «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша) кіретін болды. 

stan.kz