Қазақстанда инфляция 25%: Сарапшы Мамин үкіметінің өтірігін әшкереледі (видео)

0

Саясаттанушы Санжар Боқаев инфляция туралы шағын зерттеуін жариялады. Сарапшының айтуынша Қазақстанда инфляция жылдық 25%, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін.

«Инфляцияның не екенін бәріміз білеміз. Ресми инфляция мен нақты инфляцияның арасында үлкен айырмашылық бар. Сондықтан өзімнің кішігірім талдауымды (эксперимент десек болады) жасап, осы видео арқылы жеткізуге тырыстым.

P.s. Біздің әкімдердің, министрлер және депутаттардың бағаларды бақылау үшін базарларды аралап жүргенді көргенде қарқылдап күлгім келеді. Алдына көптеген көмекшілерін салып алып, бір сағатка бағаларды өзгертіп, құры бос сөздер айтып кетеді. Нақты жүйелі түрде инфляцияны бақылайтын іс жоқ.

Азық-түліктін бағаларын ұстап қалу үшін біріншіден ауыл шаруашылықты көтеріп, шынайы өзіміздін өндірісімізді (қағаз бен отчет жүзінде емес, нақты) дамытқанымыз жөн» деп жазды Санжар Боқаев.