Қазақстанда инфляция 2015 жылғы қазаннан бері ең төмен көрсеткішке жетті – Ұлттық банк – Нарық

0

Қазақстанда қазан айында жылдық инфляция деңгейі 5,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Сенат отырысы барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2018 жылғы 10 айда инфляция 3,7 пайыз болды. Жылдық инфляция 2018 жылғы қазанда 5,3 пайызға дейін төмендеді. Бұл 2015 жылғы қазаннан бері ең төмен көрсеткіш. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы 9,25 пайыз
деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және ақша-кредит жағдайларын қолайлы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді», – деді Ақышев.

Ол Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеу саясатын жүргізуді жалғастыратынын да атап өтті.

«Инфляция бойынша 2019 жылға арналған нысаналы бағдар жаңа, төмен 4-6 пайыз  дәлізінде белгіленді. Бұл дәліз республикалық бюджеттің негізгі әлеуметтік көрсеткіштерінің индекстеу өлшемдерін есептеу кезінде пайдаланылды», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, Қазақстан Ұлттық Банкінің шаралары инфляцияны 2020 жылы төмен, бірақ 4 пайыздан төмен
деңгейге дейін біртіндеп төмендетуге бағытталады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз