Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны артты
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 757 адам анықталды. Оның ішінде 413 азамат дертінен сауығып шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 22 адамға көбейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 9, Қостанай облысында – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1757 адам анықталды.
Олардың ішінде:
- Алматы қ. – 535;
- Нұр-Сұлтан қ. – 383;
- Қызылорда облысы – 149;
- Қарағанды облысы – 93;
- Ақмола облысы – 82;
- Атырау облысы – 80;
- Шымкент қ. – 80;
- БҚО – 63;
- Жамбыл облысы – 61;
- Түркістан облысы – 60;
- Алматы облысы – 44;
- СҚО – 30;
- Павлодар облысы – 30;
- Ақтөбе облысы – 27;
- Қостанай облысы – 20;
- Маңғыстау облысы – 12;
- ШҚО – 8.
sputniknews.kz