Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 7234 адамға жетті

0
19

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың көбісі Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді – сәйкесінше 84 және 57 адам

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 265 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғаларын жариялады 

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы өсім 3,8% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 84 (6,4%),
  • Алматы қаласы – 57 (3,0%),
  • Атырау облысы – 24 (3,0%),
  • Шымкент қаласы – 23 (4,7%),
  • Алматы облысы – 19 (8,7%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 13 (3,8%),
  • Қарағанды облысы – 13 (4,5%),
  • Қызылорда облысы – 11 (4,3%),
  • Павлодар облысы – 9 (5,4%),
  • Жамбыл облысы – 5 (2,3%),
  • Ақтөбе облысы – 2 (0,9%),
  • Түркістан облысы – 2 (0,8%),
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%),
  • Маңғыстау облысы – 1 (0,6%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 7234. Індеттен 3734 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz