Қазақстанда індеттен жазылғандар саны 8,5 мыңнан асты

0

Соңғы деректер бойынша коронавирус инфекциясын 13 558 адам жұқтырып,  оның алпыс жетісі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққан адамдардың саны 8,5 мыңнан асты.   

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында карантин күшейтіледі 

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы тағы 131 адам коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады.

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 22,
  • Алматы қаласы — 30,
  • Шымкент қаласы — 1,
  • Шығыс Қазақстан облысы — 8,
  • Қарағанды ​​облысы — 19,
  • Қызылорда облысы — 31,
  • Қостанай облысы — 2,
  • Батыс Қазақстан облысы — 13,
  • Павлодар облысы — 1,
  • Маңғыстау облысы — 4.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 8531. Соңғы мәлімет бойынша індетті 13558 адам жұқтырып, оның 67-сі қайтыс болды.



sputniknews.kz