Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 36 адамға көбейді

0

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3063 адамға жетті, оның 612-сі Нұр-Сұлтан қаласында,
924-і Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 36 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда гипермаркет қызметкерінен коронавирус табылды 

«Ақмола облысында 3, Жамбыл облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 1, Қостанай облысында 2, Маңғыстау облысында 2, Павлодар облысында 2, Түркістан облысында 3, Алматы қаласында 5, Нұр-Сұлтан қаласында 7, Шымкент қаласында 6, Атырау облысында 3 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.

Осылайша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3063 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 612,
  • Алматы қаласында – 924,
  • Шымкент қаласында – 182,
  • Ақмола облысында – 98,
  • Ақтөбе облысында – 65,
  • Алматы облысында – 113,
  • Атырау облысында – 131,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 17,
  • Жамбыл облысында – 113,
  • Батыс Қазақстан облысында – 127,
  • Қарағанды облысында – 139,
  • Қостанай облысында – 45,
  • Қызылорда облысында – 187,
  • Маңғыстау облысында – 34,
  • Павлодар облысында – 122,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
  • Түркістан облысында – 124.

Соңғы мәлімет бойынша, 774 адам жазылып шықты, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз