Қазақстанда індетке шалдыққан тағы 6 адам тіркелді

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, ем қабылдап жатқан адамдардың жалпы саны 531-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Cоңғы дерек бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Қызылорда облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелд. Қызылорда облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Жамбыл облысында – 1 адам», – делінген хабарламада.

Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында – 27 адам, Ақмола облысында – 20 адам, Атырау облысы – 22 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Шымкент қаласында – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам,
Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 30 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 23 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді.



sputniknews.kz