Қазақстанда хакерлер «Халық банктің» 200-ден аса клиентінің құпия сөзін иемденіп алды — Қазақстан жаңалықтары

0

«Халық банктің» 200-ден астам клиенті хакерлердің құрбаны болған. Бұл туралы Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда хакерлер

Орталық мәліметінше, өткен аптадан бері homebank.kz ұялы қосымшасының қолданушыларына хакерлік шабуылдар жасалуда. 

«Осы аптада тағы 210 адам homeebank.com жалған ресурсына өтіп, арам пиғылдыларға 210 құпия сөзді тапсырып, кибершабуыл құрбаны болды. Бұл орайда айта кетерлігі, зардап шегушілер саны артуда. Ол команда Қазақстанмен қатарп Грузиядағы банктердің біріне шабуыл жасауда», — делінеді хабарламада. 

Сонымен қатар орталықтағылар «Халық банк» клиенттеріне шабуыл жасау үшін түркиялық ip-мекенжай мен құралдар қолданылып жатқанын атап өтті.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, «Халық банктің» баспасөз қызметіндегілер әлеуметтік желілерде жалған сайттар туралы жарналамалардың анықталғаны туралы ақпаратты растады. Мұндай жарнамалар клиенттердің ақшасын ұрлау мақсатында логині мен құпия сөздерін заңсыз жинау үшін таратылған. 

Алаяқтар банк клиенттерінің назарын аударып, шабуыл жасау үшін автокөлік, смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысына қатысуды ұсынған. Хакерлер мұндай жарнамаларды Facebook желісінде таратып, банктің ресми интернет-ресурсына ұқсайтын Homeybank.com, Hometbank.com және homeebank.com сайттарына сілтеме берген. 

«Халық банктің» баспасөз қызметіндегілер Homebank.kz ұялы қосымшасының қолданушыларына сақтық танытуын ескертті. Күдікті сайттарда логин мен құпия сөзді енгізуге, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі жарнамалық жарияланымдардағы сілтеме бойынша өтуге болмайды. 

stan.kz