Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады? – новости Казахстана

0
78

Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскен. Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрнекі фото: abctv.kz

Көрнекі фото: abctv.kz

Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:

Теңіз және жағалау жүк көлігі – 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),

Еңбекпен қамту – 563 449 (109,4%-113,1%),

Су көлігі – 560 818 (101,4% – 97,2%),

Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру – 505 020 (108,2%-95,2%),

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет – 499 228 (112,4%-116,2%),

Құбыр желісі бойынша тасымалдау – 472 658 (121,7% – 115,8%),

Әуе жолаушылар көлігі – 417 865 (96,8% – 114,8%),

Әуе көлігі – 414 931 (97,1% – 114,5%),

Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда – 378 930 (128,9%-160%),

Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету – 374 188 (86,9-136%).

Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандарына:

Бастауыш білім (бірінші сатысы), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету, тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету, білім беру, жоғары білім, ветеринарлық қызмет кірген.