Қазақстанда доллар қаншадан сатылып жатыр

0
28

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мұнай бағасы құлдырағаннан кейін ақша айырбастау бекеттерінде долларды 390-397 теңгеге сатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллардың бағамы 390-395 теңге болып тұр. Ал Ұлттық банктің сейсенбі күні бекіткен ресми бағамы 382,05 теңгені құрайды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау бекеттерінде долларды 395-397 теңгеге сатып жатыр.

Алматыда валютаның бағамы 394,5-395 теңге шамасында болып тұр. Шымкентте долларды 390-393 теңгеге сатып алуға болады.

Ал еуроның бағамы 440-456 теңгені құрайды.

Ұлттық банктің 10 наурыздағы ресми бағамы бойынша бір доллар 382,05 теңге тұрады. Бұл бағам 6 наурыздан бері өзгерген жоқ.

Айта кеткен жөн, бүгін сағат 11:00-де Қазақстанның қор биржасында сауда-саттық өтеді. Соның нәтижесінде валюта бағамы анықталады.

Ал Ұлттық банк бүгіннен бастап базалық мөлшерлемені 9,25%-тен 12-ге дейін көтерді. Негізгі мақсат – ұлттық валютаның айырбастау бағамын ұстау.



sputniknews.kz