Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

0

Ұлттық банктің ресми бағамы 9 наурызда бір доллар үшін 382.05 теңгені құрап отыр, алайда ақша айырбастау пунктерінде валюта 400 теңгеге сатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар күрт қымбаттап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

kurs.kz сайтында хабарлағандай, Нұр-Сұлтан мен Алматының айырбастау пунктерінде доллар қазір 400 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан мегаполистеріндегі валюта айырбастау пунктерінде бір доллардың құны 396 теңгеден 399 теңгеге дейін құбылады.

Ұлттық банктің ресми бағамы тоғызыншы наурызда бір доллар үшін 382.05 теңгеге тең.

Доллардың күрт қымбаттауы мұнай бағасының құлдырауымен байланысты болуы мүмкін.

Өткен аптада Ресей ОПЕК+ келісімінен шыққаннан кейін әлемдік нарықта баға төрттен бірге төмендеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар қандай жағдайда 10 миллион теңге алатыны белгілі болды

9 наурыздағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнай 25,2%-ке, барреліне 33,86 долларға дейін арзандады. Сауда-саттық барысында мұнай бағасының көрсеткіші минимумды жаңалады, ең төмен баға 2016 жылдың 12 қаңтарында тіркелген еді. Ол кезде «қара алтын» құны барреліне 31,38 долларға дейін түсті.



sputniknews.kz