Қазақстанда доллар 450 теңгеден сатылып жатыр

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Республиканың ірі қалаларындағы валюта айырбастау пунктерінде бірнеше сағат ішінде доллар бағамы 405 теңгеден 450 теңгеге дейін шарықтады

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Дүйсенбі, 16 наурыз күні теңге күрт құлдырап кетті. Айырбастау пунктерінде  доллар 440-450 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктерінде доллар 440 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 425 теңгені құраған.

Ал Нұр-Сұлтанның кейбір пунктерінде доллар бағамы 450 теңгеге дейін жетті.

Америкалық валютаның орташа бағамы 424 теңгені құрап отыр.



sputniknews.kz