Қазақстанда дәрігерлер жалақысы қанша?

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлерай сайынғы орташа жалақысының қанша екенін айтты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы ауруханада дәрігерлер орташа есеппен 301 мың теңге, ал емханада 238 мың теңге айлық алады. Мәліметінше, мейірбикелердің ауруханадағы жалақысы 185 мың теңге, емханада 168 мың теңге. Ал жедел жәрдемдегі дәрігерлердің орташа айлығы — 310 мың теңге.

Жалпы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы — 258 708 теңге, ал медициналық персонал айына 161 281 теңге алады.

Жоспар бойынша, 2025 жылы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 мың теңгеден кем емес.