Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады

0

Қазақстанда өткен тәулікте 322 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 4,2% құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Елде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 

«Өткен тәулікте 322 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 4,2% құрап отыр», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 83 (5,7%)
  • Алматы қаласы – 66 (3,3%)
  • Шымкент қаласы – 34 (6,3%)
  • Қарағанды облысы – 42 (9,8%)
  • Жамбыл облысы – 20 (8,7%)
  • Алматы облысы – 16 (6,1%)
  • Түркістан облысы – 15 (5,7%)
  • Ақтөбе облысы – 10 (4,1%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 10 (2,8%)
  • Ақмола облысы – 3 (2,1%)
  • Атырау облысы – 16 (1,9%)
  • Қостанай облысы – 2 (1,8%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%)
  • Қызылорда облысы – 3 (1,1%)
  • Павлодар облысы – 1 (0,6%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 7919, емделіп шыққандар — 4096, кайтыс болғандар — 35.

 



sputniknews.kz