Қазақстанда COVID-19 науқастарының статистикасына өзгеріс енгізілді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бұл статистикада COVID-19 вирусын жұқтырып ауру белгілері анықталған, бірақ клиникалық белгілері жоқ адамдар есепке алынады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушыларға қатысты статистиканы жариялай бастады. Өйткені, клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға елеулі эпидемиологиялық қауіп төндіреді.

Ал аталған статистикада COVID-19 вирусын жұқтырып ауру белгілері анықталған, бірақ клиникалық белгілері жоқ адамдар есепке алынды.

«Бүгіннен бастап барлық ресми дерек көздерінде коронавирус инфекциясы бойынша ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистика жеке-жеке жарияланады», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бұл халықаралық тәжірибе және түрлі елдерде қолданылып келеді.

Дәрігерлер бүгінгі таңда Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60%-ға жуығы – бұл инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін айтады.

Оқи отырыңыз: Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев

Сонымен қатар COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға елеулі эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Бұлай бөлудің себебі – симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса береді.

Коронавирус індетінің белігері жоқ жағдайлар туралы

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше жалпы статистикаға қосылмаған 687 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

  • Ақмола облысы — 8;
  • Ақтөбе облысы — 11;
  • Алматы облысы — 60;
  • Атырау облысы — 42;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 31;
  • Жамбыл облысы — 12;
  • Батыс Қазақстан облысы — 79;
  • Қарағанды ​​облысы — 77;
  • Қостанай облысы — 3;
  • Қызылорда облысы — 32;
  • Маңғыстау облысы — 57;
  • Павлодар облысы — 6;
  • Түркістан облысы — 21;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 24;
  • Алматы қаласы — 70;
  • Нұр Сұлтан қаласы — 98;
  • Шымкент қаласы — 56.



sputniknews.kz