Қазақстанда болған 5 сайлауға қанша қаржы жұмсалды
Қазақстанда болған бес сайлауға қанша қаржы жұмсалғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біліңіз
Қазақстанда 2019 жылғы кезектен тыс президент сайлауына 9,4 миллиард теңгеден астам немесе 24,8 миллион долларға жуық қаражат жұмсау жоспарланған.
Тағы оқыңыз: Сайлау туралы не білуіңіз керек — толық мәлімет
Президент сайлауы 2019
Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бұл күні Қазақстанда 9 970 сайлау учаскесі, шетелде 65 учаске ашылады.
Сайлау учаскелері таңғы жетіден кешкі сегізге дейін сайлаушыларды қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді. Олар:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
sputniknews.kz