Қазақстанда бірнеше жаңа кәсіби мереке пайда болды

0

Қазақстанда колониялар, колледждер мен теміржол салаларының қызметкерлері үшін жаңа кәсіби мерекелер бекітіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізді. Тізбе жаңа кәсіби мерекелермен толыққан.Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстанда бірнеше жаңа кәсіби мерекелер пайда болған. Олар:

Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар; Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі; Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі; Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі; Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан; Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі; Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі; Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні – 10 қараша; Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.

Фото:depositphotos.com