Қазақстанда бірнеше ауылды су басуы мүмкін

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ақмола облысында халықты уақытша орналастыру үшін 400 орындық пунктер дайындалды, су басу қаупі төніп тұрған аймақта 248 адам тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында қардың еруінен Қалқұтан мен Жабай өзендерінде су деңгейі көтерілді. Осыған байланысты 248 адам тұратын 87 үйге су басу қаупі төнді.

ІІМ ТЖ комитетінен мәлімдегендей, дәл қазір Қалқұтан өзенінде су деңгейі 4,04 метрді құрайды, қауіпті шек — 3,48 метр. Су арнасынан тасып, Астрахан ауданы Ескі Қалқұтан ауылындағы үйлерге қауіп төндірді.

Қазір құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп үйлердің аулаларына құм салынған қаптар төсеп жатыр. Сонымен қатар, су сору жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмысқа жиырма адам, бес арнайы көлік пен бір мотопомпа жұмылдырылған.

ТЖК қазір 400-ден аса қап дайындалып төселгенін және 500 текше метр су сорылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: «Бұдан Құдай сақтасын»: Қызылорда облысының жаңа әкімі Маминнен көмек сұрады

Жабай өзенінде су деңгейі 3,4 метрге жеткен, ал қауіпті шек 3,45 метрді құрайды.

Құтқарушылар бөгеттің 20 метрін нығайтты, 150 қап төсеп, аулалардан 1300 текше метр су сорып шығарды. Жұмысқа 32 адам, 14 арнайы көлік пен бір жүзу құралы тартылды.

«Су басу қаупі төніп тұрған аймақта 87 үй бар, оларда 248 адам тұрады. Халықты эвакуациялау үшін 400 орындық уақытша орналастыру пунктері дайындалды», — деді комитеттен.

Бұдан бөлек, ел аумағында еріген қар суы тас жолдардың үстімен ағып жатыр.

Сондай-ақ, Ақмола облысының алты елді мекені (Новомариновка, Сепе, Есенкелді, Титовка, Ягодное, Сочинское) және Қарағанды облысында бір ауылда (Нығман) негізгі қатынас жолы жабылды. Бірақ айналма жолдар бар.



sputniknews.kz