Home Жаңалықтар Қазақстанда бір адамға 10 дана маска сатылады – Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда бір адамға 10 дана маска сатылады – Қазақстан жаңалықтары

0
53

Қазақстанда бір адамға 10 данадан артық емес медициналық маска ғана сату ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

бетперде
Бұл туралы ҚР ДСМ «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев мәлімдеді.

«Коронавируске байланысты дүрлігу салдарынан дәріханалық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп, бір адамға 10 дана маска ғана сатуды ұсынамыз. Бұл адамдардың мыңдаған, он мыңдаған маска алуына жол бермеу үшін жасалуда. Кей адамдар дәріханадан мүмкіндігінше мың дана маска алған. Денсаулық сақтау министрлігі көп маска сатуға тыйым сала алмайды. Біз тек дәріханалар желісіне ұсыным жасай аламыз. Олар да дүрлігу мәселесін шешуге тырысып жатыр», – деді спикер Арнұр Нұртаев.

Сондай-ақ Арнұр Нұртаев елімізде 1 млн дана медициналық маска қалғанын және сұраныстың 30 млн данаға дейін өскенін атап өтті.

Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты медициналық маскалар мәселесі маңызды тақырыпқа айналып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда медициналық маскалардың бағасы 30 теңгеден аспайтыны жайлы айтылған еді.

stan.kz