Қазақстанда бензин қымбаттайды

0

Еуразиялық экономикалық одаққа деген міндеттеме салдарынан Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін.

Мұнай сервистік компаниялар одағының мәліметтері бойынша, 2025 жылға қарай ЕАЭО елдерінде бензин бағасындағы алшақтықты азайту керек. Сонда одақ аумағында жалпы мұнай және мұнай өнімдерінің нарығы құрылады.

Осы жылдың соңына дейін Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін. Kazenergy қауымдастығы баға литріне 170-180 теңгеге дейін көтеріледі деп санайды. Құнның өсуі, мамандар айтқандай, ішкі жанар-жағармай материалдарының ішкі нарықтан «шайылып кетуіне» жол бермеу үшін қажет. Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары президиумының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, жанармай бағасын ЕАЭО елдерімен сәйкестендіру қажет. Ол өткен жылы ғана біздің елде бензин құны арзандағандықтан, ресейлік жүк көліктеріне қазақстандық жанармай құю бекеттерінде жанармай құйылғанын еске түсірді. Жанар-жағармай бөлшек сауда бағасының өсуі мұнай өнімдері нарығының субъектілері, саудагерлер мен жанар-жағар май құю бекеттері үшін маржаның өсуінсіз салық салудың ұлғаюына байланысты болады. Ол үшін акциз мөлшерлемесін біртіндеп арттыру жоспарланып отыр.

Айтпақшы, бүгінде Ресейде бензиннің орташа бағасы 232 теңгені құрайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ең танымал АИ 92 маркалы бензиннің бағасы 145 теңгеден 160-қа дейін өзгереді.

Еліміздің әртүрлі аймақтарындағы жанармай бағаларының ағымдағы белгілері. Литрі 148 теңгеден — бұл бағамен Тараз тұрғындары көліктеріне жанармай құюда. Түркістанда сәл қымбатырақ. Елорда 150 теңгеге, Павлодарда бір литр бензин 154 теңгеден сатылады.

Одан кейін Қостанай мен Өскеменде жанармай 156 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар Ақтауда. Ақтөбедегі ең қымбат баға — 160 теңге.

24.kz