Қазақстанда балконда ән салғандар жауапқа тартылатын болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақастанда түнде жұрттың мазасын алып, балконда ән шырқағанды сүйетіндер жауапкершілкке тартылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балкон

Бұлу туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті. 

«Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23.00-ден кейін тыныштық сақтауды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, сіздерден үйде болуларыңызды, заңға бағынуды және ресми ақпараттарға ғана сенуді өтінемін», — деді департамент басшысы.

Сондай-ақ ол карантин кезінде, әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

«Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке орай оның бірі мерт болды», — деді Сәденов. 

 

stan.kz