Қазақстанда балаларды жаппай емдеуге жатқызу туралы жалған ақпарат тарауда

0

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан жаңа жалған ақпарат туралы ескертті.

Хабарламада судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу және ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау да сөз болып отыр.

«Азаматтарды осындай арандатуларға бармауға және мемлекеттік органдар жариялаған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді», — делінген ведомство хабарламасында.

stan.kz