Қазақстанда балалар оқыстан көз жұмбауы үшін терезеге қойылатын темір торға қатысты талаптарды қатаңдатпақшы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда кішкентай балалары бар пәтерде тұратын отбасылар үшін терезеге қойылатын темір тор мен құлыпқа қатысты талапты қатаңдатпақшы. Бұл туралы ішкі істер министрлігіне қарасты төтенше жағдайлар комитеті бойынша апатты алдын алу және азаматтық қорғаныс басқармасыныңбасшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавлда төрт жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалды

Жыл басынан бері елімізде 21 бала ашық терезеден құлап кетіпті. 

«Комитет тарапынан ашылатын терезелерге темір тор қою және қауіпсіздік үшін құлып орнату туралы шешім шығарып отырмыз. Осылайша балалардың терезеден құлап кету жағдайларын болдыртпаймыз деген ниеттеміз», — деді басқарма жетекшісі. 

Бұған қоса ол ҚР-дың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ережелерге өзгерістер енгізгенін атап өтті. 

Десек те жаңа талаптарды елемегендерге айыппұл салынбайды екен. Себебі бұл дүние ең алдымен отбасының кішкентай балалары үшін жасалып жатыр дейді Әбдірахманов. 

Темір тор мен құлып орнату туралы әрбір ата-анаға профилактикалық әңгіме ретінде айтылатын болды. 

stan.kz