Қазақстанда балабақшалар жұмыстарын бастайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 1 маусымнан бастап балабақшалар қайтадан ашылады, бірақ кейбір шектеулермен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі коронавирустың таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

балабақша

Халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елде шектеу шараларын азайту туралы қосымша шешімдер қабылданды.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспайтын), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы қайта жанданады.

Бірқатар өндіріс пен объектілердің қайта жандана бастағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың назарын профилактикалық шараларды — маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, байланыстарды азайту қажеттілігіне аударды.
 

stan.kz