Қазақстанда азық-түлік қоры қанша – министр жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Министрліктің мәліметі бойынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры 5-6 айға елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров негізгі азық-түліктің қоры жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі ақпарат бойынша 1,2 миллион тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры бар. Оны адам басына шақсақ, 5-6 айға елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге жетеді», — деді Омаров.

Министрдің айтуынша, бүгінде ұн, қант, ет, сүт және тағы басқа халыққа қажетті тауарлар күн сайын өндіріледі. Сондықтан азық-түлік тапшылығына негіз жоқ. Ал кейбір өнім түрлері артығымен шығарылады.

«Мәселен, біздің ең басты азығымыз ұнды 3 миллион тоннадан астам өндіреміз. Ол ішкі нарығымызды 204 пайызға қамтамасыз етуге жетеді. Күріштің 144 мың тоннасын өндіреміз. Ол да ішкі сұраныстан екі есеге артық», — деп атап көрсетті Омаров.

Министр барлық өңір азық-түлікпен қамтамсыз етілетінін мәлімдеді. Ол жағынан бақылау шаралары күшейді. Тауарларды жеткізудің сызба-нұсқасы бар. Алайда өңірлердің есебі бойынша әзірше еш жерде тапшылық жоқ.

Тағы оқыңыз: Денсаулық министрі: жалпыұлттық карантин жарияламаймыз



sputniknews.kz