Қазақстанда азық-түлік бағасы неше есе қымбаттады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда жылдың бірінші тоқсанында азық-түлік бағасы 9,3%-ға өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

продукты

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Сөзінше, бұл жағдайға көкөністердің маусымдық бағасының көтерілуі мен карантин кезінде сұраныстың артуы себеп болған.

Қазіргі таңда қанттың бағасы 8,5%-ға күрт жоғарылған. Жемістер мен көкөністер 5,1%-ға қымбаттаса, қарақұмық бағасы 2,5%-ға артыпты.

«Тұтынушылық тауарлардың наурыз айының инфляциялық деңгейі 1,7%-ды көрсетіп отыр. Бұл 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Тұтынушылық емес тауарлардың бағасы жылдық мөлшерлемемен 5,5%-ға өскен», -деді Ұлттық банк төрағасы. 

Ақылы қызмет бағасы 3,5%- үдемелі жылдамдықпен артуда. Сондай-ақ елімізде байланыс, транспорт және коммуналдық қызметтің жеке тарифтерінің қымбаттауы байқалуда екен. 

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, әлемдік нарықтағы экономикалық ахуал Қазақстанға әсер етіп жатқан көрінеді. Сол себепті мемлекетте жаңа экономикалық жағдайлар орын алуда. 

Сонымен қатар ол Ұлттық банк 6 сәуірде ақша-несиелік саясатты тұрақтандырғанын алға тартты. Сөзінше, бастапқы жарна 12%-дан 9,5%-ға дейін төмендетілген. Бұл үрдіс өз кезегінде Қазақстанның іскерлік белсенділігі мен ұлттық экономиканы несиелендіруге ықпал етеді. 

stan.kz