Қазақстанда ауыл тұрғындарының саны қанша?

0

1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 млн 691,9 мың адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі қалалықтар саны – 12 151,7 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 540,2 мың адам (38,3%).

 

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 188,7 мың адамға немесе 1%-ға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі өткен жылмен салыстырғанда (201,2 мың адам) 1,6%-ға кеміп, 198 мың адамды құрады.

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда — 13,49 адам.