Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

0

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада, қалған 68,4% ауылдық жерлерде орналасқан.

“Осы ретте, қалалардағы мектептер саны жыл сайын артып келеді. 10 жыл ішінде олардың саны 1891-ден 2427 бірлікке дейін өскен. Ал ауылдардағы білім беру мектептерінің саны, керісінше, 5 830-дан 5 260 бірлікке дейін азайған”, – делінген хабарламада.

2023 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 2,9 мың оқушыға арналған 9 мектеп пайдалануға берілген.