“Қазақстанда ауруға болмайды” — Шаһ-Керім Карменов медицинаға наразылығын жеткізді
Тележүргізуші Шаһ-Керім Кармен әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ауруханада жатқан бейнежазбасын жариялады. Мұнда ол еліміздегі медицинасына деген наразылығын білдіріп, емделіп жатқан ауруханадағы кемшіліктермен бөлісті. Емнің қымбат екенін, қызметукерлердің жұмысына бейжай қарағанын, Узидің жоқ екенін сынға алды.
«Біздің Қазақстанда ауыруға болмайды. Бүгін он үшінші күн болды ауруханада жатқаныма. Алматы қаласының теміржолшылар ауруханасы, №8 емханасындамын. Не деуге болады? Ауру өте қымбат. Екіншіден, дұрыс күтімге ие боласыз ба, жоқ па, ол да белгісіз. Мынау еміңіз біткен соң шақыратын белгі. Алайда мына емім біткелі бір сағат болды, әлі ешкім келмеді. Сасқанымнан өзім тамырымнан шығарып тастадым. Әлі ешкім келген жоқ. Осындай дүниелер жүрегіңді ауыртады. Қалай қалалық дәрежесі бар Алматы қаласының науқастарды емдейтін ауруханасының кәдімгі смарт атты қан қысымын өлшейтін электронды құрылғы қалай болмауы мүмкін? Бағасы қатты қымбат деп айта алмаймын. Қарапайым УЗИ неге жоқ?», — деді журналист.
фото: massaget.kz